Жемқорлықпен күрес жөніндегі Ұлттық бюро департаментінің басшысы Ержан Ибраимовтың айтуынша, 2017 жылы Павлодарда 73 жемқорлық қылмыс жасалған болса, оның 29-ы білім беру саласына тиесілі. 

- Биыл Ақсуда «Айгөлек» балабақшасының директоры Ахмедеева 300 мың теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін істі болған, - дейді Ержан Ибраимов. - Ол шын мәнінде жұмыс істемейтін қызының атына еңбекақы аударып отырған. Сондай-ақ Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің № 15 «Бөбек» сәбилер бақшасы – дамыту орталығының жетекшісі Романенко есепші Сембековамен бірге «2016-2019 жылдарға білім мен ғылымды дамыту» мемлекеттік бағдаралмасы аясында бөлінген 30 миллион теңге көлеміндегі қаржыны иемденген. Аталмыш факті бойынша іс биыл мамыр айында құзырлы органға тапсырылған. Сондай-ақ былтыр әрбір мектеп директорынан 100 мың теңге көлемінде ҰБТ комиссиясы үшін алмақ болған Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің басшысы Макумова мен оның орынбасары Алиева, көмекшілерінің әрекетіне тосқауыл қойылған.

Айта кетерлігі, мұндай бухгалтерия алдағы уақытта Павлодар ауданында да пайда болады.

Еске сала кетейік, былтыр облыс әкімдігіне орталықтандырылған бухгалтерия құру туралы ұсыныс жасалған болатын. Осының нәтижесінде бюджеттік қаржы шығындарын бақылау мүмкіндігі артады және жемқорлық қауіп-қатер төмендейді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, бухгалтерия