Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі.

Сенат депутатының куәлігін жаңа сенаторларға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев табыс етті.

Депутаттардың екеуінің есімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды мен Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров. Екеуі де «Нұр Отан» партиясының мүшесі, қазақ.

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы туған. Кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Сонымен қатар, ҚР ҰҚК департамент бастығы қызметін атқарған. Шымкент қаласының әкімі болған.

Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров 1964 жылы дүниеге келген. Сенат депутаты болмай тұрып Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы қызметін атқарған. Әр жылдары «Санур» компаниясының вице-президенті, «ТрансОйл» ұйымын басқарған.

Сенат депуттарының қатары бұдан былай 49 болатын болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: