Бұл туралы Baq.kz.

Ол өз баяндамасында Ұлттық жоспарда нысаналы индикаторлары айқындалған 7 басымды бағыт ұсынылатынын мәлімдеді. Олар мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған.

«Бірінші басымдық – мүгедектіктің профилактикасы бойынша шараларды одан әрі жетілдіру. Соңғы бес жылда мүгедектігі бар адамдардың саны 7,5%-ға ұлғайды. Ересек адамдар арасында мүгедектіктің кең тарауының негізгі себебі: қан айналымы жүйесі аурулары 26,9%, онкологиялық аурулар 19,9%, кез келген жерде болатын жарақаттар 10,3% құрайды. Балалар мүгедектігі маңызды проблемалардың бірі болып қалуда және өршіп келеді. Негізгі себептеріне: туа біткен аномалиялар 32,5%, жүйке жүйесі аурулары 23,7%, психикалық ауытқулар 11,1% құрайды», - деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Министр осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының профилактикаға бағытталуын қамтамасыз ету мен оған отбасын жоспарлау, босануға дейін ауруларды диагностикалау және қалпына келтіре оңалту медицинасын дамыту қажет болып отырғанын атап өтті.

pavlodarnews.kz

Тэги: