Бұл туралы облыстық панкратион және грэпплинг федерациясының президенті Алтынбек Рысжанов мәлім етті.

- Қазақстаннан сегіз спортшы қатысты, - деді Алтынбек Рысжанов. – Оның жетеуі чемпион атанды. Тағы бір спортшымыз жүлдегер атанып, медальсыз қалмады. Нәтиже өте тамаша. Спортшыларымыз аталмыш бағытта еліміздің деңгейін көрсете білді. Барлығы орын иеленіп, көрсеткішіміз 100 пайызға жетті.

Жерлестеріміз Әділет Шаймерден мен Алик Домнич екі түрде де алтыннан алқа тақты.

Юра Нестерук пен Тамерлан Жұматаев бір алтын, бір күміс медаль еншіледі. Ал, Тамерлан Сәдуақасов бір алтын, бір қола медаль алса, Шыңғыс Тыныбаев бір қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Athlima нұсқасы бойынша өткен сегізінші әлем чемпионаты. Әлемдік жарыста барлығы 70-тен астам медаль сарапқа салынды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, спорт