Облыстық әкімдікте тарихи-мәдени мұраларды қорғау комиссиясы ақын, композитор Естай Беркімбайұлына арналған ескерткіштің эскизін талқылады.  

Комиссия мүшелерінің айтуынша, ұсынылған жұмыстар шебер орындалған. Баға беруде келіспеушіліктер болған жоқ. Ал, қалалық ортаға ескерткішті таңдау бойынша сын көп болды.

- Ең алдымен кәсібилік қажет, - деді облыстық көркем сурет музейі басшысының орынбасары Ольга Пашко. – Бұл бірден сезіледі. Әрине, одан кейін қандай материал қолдану керектігін жетік білу керек. Ескерткішті жасаушы сол кейіпкерді сезінсе тірі мүсін сияқты болып шығады. Біз әртүрлі ескерткішті көрдік. Жас ерекшеліктері мен ортасы сан түрлі. Тұтастықты байқау маңызды. Көрермен мүсінге қарап сол адамның мінезін байқайтын болады.


Ольга Пашко жұмыстарды бағалауда Естай атындағы мәдениет сарайының сәулеттік көрінісі, ескерткіштің оған үйлесуі де ескерілгенін айтты.

Монументті орнату Қазақ КСР өнер қайраткерінің 150 жылдығына орайластырылған.



Эскиз жобалардың байқауына тоғыз мүсінші қатысты. Комиссия Астана, Алматы және Павлодар мүсіншілерінің 12 жұмысын қарады. Оның бірі – танымал мүсінші астаналық Азат Баярлин.


Азат Баярлин мүсіннің басты талабы – ұзақ сақталуы екенін айтады. Сондықтан ол өз жобаларын жүзеге асыруда жоғары сапалы құйманы таңдайды.

- Сәулетшімен бірге біз тұтас гранит блогынан тұғыр жасауды жоспарлаудамыз. Сол кезде көркемдік жағынан жақсы көрінеді. Әрі ұзақ сақталады, - дейі шебер.

Шебердің еңбектерінің қатарында Астанадағы Сәкен Сейфуллин, Омбыдағы Шоқан Уәлиханов, Анкара қаласындағы «Астана», Степногорсктағы Қаныш Сәтбаевқа арналған ескерткіштер, Мәскеудегі Тұрар Рысқұлов барельефі бар.



Таңдалған бес эскиз жобаны енді Астана қаласындағы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жетекшілік ететін республикалық комиссия қарайтын болады.



Сіз ескерткіш бойынша жобалардың қайсы ҚМС алдына қойылу керек деп ойлайсыз?



0 0 голосование
закрыто
спасибо
за ваш голос



+2 0 голосование
закрыто
спасибо
за ваш голос



+3 0 голосование
закрыто
спасибо
за ваш голос



0 0 голосование
закрыто
спасибо
за ваш голос



+2 0 голосование
закрыто
спасибо
за ваш голос

Дулат Райымбек

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги:

Похожие материалы: