Турнирге Қазақстан құрамасы сапында еліміздің бес қаласынан жиналған 35 таеквондошы аттанды. Біздің құрамамыздан бөлек жарыста Ресей, Армения, Норвегия, Болгария, Беларусь, Украина, Молдова және басқа да елдерден жалпы саны 400-ге тарта спортшы қатысты.

Жарыста Павлодар облысы атынан сегіз жасқа дейінгі категорияда Батырхан Қожанов пен Жан Шыңғажинов, он жасқа дейінгі категорияда Дияр Қимашев және Людмила Паршукова 18 жастар үлкендер арасындағы сынға түсті. Түсті белбеулер иегерлері арасындағы жарыс хъенги (формальді кешен) және массоги (спаррингтер) атты екі бағдарлама бойынша өткізілді.

Осы екі бағдарлама нәтижесінде күміс медальдарды Жан Шыңғажинов ұтып алды. Батырхан Қожанов хъенгиде жеңіске жетсе, Дияр Қимашев массогиде үшінші орынға ие болды.

Людмила Паршукова хъенги жарысында алтын медальдарды ұтып алса, арнайы техника (тақтайларды сындыру) бағдарламасында күмісті иеленді. Сонымен бірге, Людмила Паршукова ҚР құрамасы сапында командалық хъенги жарысына қатысып, құрамамен бірге екінші орынға ие болды.

- Біздің таеквондошылар тәуір нәтижелер танытты, - дейді облыстық Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (GTF) президенті Кәлен Сұлтанғазин. – Павлодарлықтар бірнеше медальдарды иеленді.

Турнир қорытындылары бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Ресей мен Армениядан кейінгі үшінші орынға көтерілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Таеквондо, спорт, Еуропа Кубогі