- «Отан» сауда үйіне қарсы бағыттағы жолдың бойында тұрған автокөліктің моторында резеңке техникалық бұйымдары жанып, жалпы аумағы бір шаршы метрді от шалған. Темір тұлпардың иесі 1951 жылғы азамат. Зардап шеккендер жоқ, - дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Оқыс жағдайдың орын алуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Тілсіз жауды ауыздықтауға № 34 және № 1 өрт сөндіру бөлімінен екі техника мен 13 адам жұмылдырылған.

Сағат 19.04-те шыққан өрт он бір минуттың ішінде толығымен сөндірілді.

Ақбота Сейсенбаева

 Фото: Umihelp Павлодар

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, өрт, оқиға