Бұл туралы агенттікке облыстық прокуратура мәлім етті.

- 2016-2018 жылдар аралығында компания электр энергиясын тарату бойынша 2,7 млрд теңге көлемінде қосымша табыс тапқан. Тариф сметасына жұмысшыларға сыйақы беру шығындары енгізілген. Сол кездері сомасы 74 млн теңгені құраған. Бұған қоса, ұйым тұтынушыларының есебінен мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне 39 млн теңге көлмінде іссапар шығындары төленген, - деп жазылған құзырлы органның хабарламасында.

Облыстық прокуратураның қадағалау акті бойынша табиғи монополияларды реттеу, бәскелестік пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен 106 млн теңгеге өтемақы тарифы енгізілген.

- Осылайша биыл 1 қазанда электр энергиясын тарату және бөлуге тариф 10 пайызға төмендеген. Тұтынушылардың үнемдеу сомасы 900 млн теңгеден астам соманы құрайды, - дейді прокуратурада.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімде бір киловатт үшін тариф 4,411 теңгеден 3,947 теңгеге дейін төмендетілгенін айтады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, тариф, қоғам, тұтынушылар, электр энергиясы