Бұл туралы ҚазАқпарат Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнерпаздар «Астана - әлем дауысы» халықаралық фестивалінің гала-концерті аясында әлемдік және ұлттық шығармаларды орындайтын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижері» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтылды.

Жалпы шара 5 қазан күні басталған еді. Содан бері шетелден келген өнерпаздардың достық концерттері өтіп, шеберлік сабақтары өткізілді.

10 қазан - фестивальдің соңғы күні. Соған орай елордалық тұрғындар мен қонақтардың назарына гала-концерт ұсынылады.

«Астана - әлем дауысы» фестивалі бес құрлықтың басын қосты. Қазақ елінде хор музыкасы жақсы дамыған екен. Болашақта екітарапты серіктестік орнатып, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз», - деді Хор музыкасы халықаралық федерациясының президенті Эмили Куо Вонг.

pavlodarnews.kz

Тэги: