- Бүгінгі күні барлық емханаларда амбулаторлық карталары бар ескі тіркеу орындары қайта ұйымдастырылған, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев. - Оның орнына ақпараттық анықтама қызметі жұмыс істейді. Кейбір аудандарда қосымшаны пайдалану бойынша көрсеткіш төмен. Осыған байланысты аудандардың әкімдері қосымшаға қосылу бойынша жұмысты күшейткен дұрыс.

Айта кетерлігі, DamuMed - кешенді медициналық ақпараттық жүйенің бір бөлігі. Мобильді қосымшасының көмегімен үйде дәрігерге қоңырау шалуға немесе жазылуға болады. Сондай-ақ жазылған рецептілерді және зертханалық талдау нәтижелерін қарап, аурухана парағын жүктеп алу қарастырылған.

«Дабыл түймесі» модулі арқылы 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұратын науқастар бір түймені баса отырып, жедел жәрдемді шұғыл түрде үйіне шақыра алады. 

Бағдарламаны App Store және Google Play арқылы жүктеуге болады.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, денсаулық, медицина, Damumed