Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Өткен съезден бергі 3 жылдың ішінде Қазақстан елордасында жаһандық деңгейдегі маңызды шаралар ұйымдастырылды. Астанада қабылданған шешімдер халықаралық кең резонансқа ие болды. Өйткені, ол бітімгершілік, серіктестік, толеранттылық және жасампаздық идеяларын сіңірген. Бұл барынша маңызды. Себебі әлем, өкінішке орай, турбуленттік жағдайға еніп отыр. Біздің барлығымызды, саясаткерлер мен діни қайраткерлерді санкциялық текетірестер, дінаралық және дінішілік қайшылықтар, сауда соғыстары, қоршаған ортаның ластануы алаңдатпай қоймайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының пайымынша, ғылыми-технологиялық прогресс аясында өркениетаралық жанжалдар мағынасыз көрінеді. Ортақ ғаламшарымызды келесі ұрпаққа қандай жай-күйде бере алатындығымыз басты проблемаға айналып отыр.

«Біз үшінші мыңжылдықта 18 жыл өмір сүрудеміз. Бірақ, бейбітшілік, әл-ауқат пен молшылық адамзат дамуының негізгі тенденциясын айнала алмады. Әлемдік қоғамдастық өзара сенімсіздік, жек көрушілік және жанжалдардың зұлымдық шеңберінен шыға алмады. Біз жағдай түзелмек тұрмақ нашарлай түскенін көріп отырмыз. Елдер мен саяси блоктар арасында жаңа қабырғалар, жаңа темір шымылдықтар тұрғызылуда. Бірақ ең қауіптісі - адамдардың ақыл-ойлары мен жүректерінде өзара жатсынушылық күшейе түсуде», - деді ҚР Президенті.

pavlodarnews.kz

Тэги: