-  Мектеп қабырғасында Аделия үнемі әлеуметтік өмірге, олимпиадаларға белсенді қатысатын, - дейді білім ордасының баспасөз  хатшысы Рымгүл Божақанова. -  «Өсімдік майларын тазалау үшін модификацияланған  табиғи сазды пайдалану» тақырыбындағы жобасы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Нанонтехнология – болашаққа қадам» сияқты республикалық және халықаралық байқауларда, сондай-ақ Сәтбаев оқуларында және Наурыз кездесулерінде бас жүлдеге ие болған.  Бұл жолы да біздің  шәкіртіміз басқа елдің жастарының арасында бәсекеге қабілетті әрі білімді екенін дәлелдей білді.

Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының атына  Гонконг университетінің президентінен келген хатта ең мықты студенттерге ғана ұсынылатын грант пен шәкіртақыға Аделия Мақашеваның ие болғанымен құттықтаған.

- Талапкерлер  өте ауқымды іріктеуден өтеді. Биылғы жылы әлемдегі 113 оқушыға шәкіртақы  тағайындалды. Жеңімпаздарға гранттарды PolyU университетінің президенті Тимоти Тонг  тапсырды. Мектепке осындай тәрбиелі әрі озат ойлы шәкірттерді тәрбиелегені үшін алғыс білдіремін, - деп жазылған хаттың мазмұнында.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда Гонконг  политехникалық  университеті – Азиядағы түрлі мамандықтар бойынша ауқымды бағдарламалары бар ең мықты техникалық жоғарғы оқу орындардың бірі. Мұнда 32 мыңнан астам студент білім алады. PolyU әлемнің 40 мемлекетінің студенттері мен педагогтарының басын біріктіретін академиялық және зерттеу қауымдастығы болып табылады.

 Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Назарбаев Зияткерлік мектебі, қоғам, білім, Павлодар, грант