Бұл туралы Вaq.kz тілшісі ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сәрсенбінің қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 23 медальмен 13 орынға ығысты. Сейсенбі күні 12 орынға тұрақтаған болатын. Әзірге Қазақстан қоржынында 23 медаль: 4 алтын, 10 күміс, 9 қола бар.

Кеше Ержан Сәлімгереев тағы алтын медаль алды. Ол 50 м қашықтықта еркін стильмен жүзіп, тұғырдан көрінді. Дәл осы дисциплинада, тек 200 м қашықтықта Зүлфия Ғабидулина қола жүлдегер болды. 100 м браспен Сергей Кинах күміс медаль алды. Дәл осы дистанцияда, бірақ басқа класта Әнуар Ахметов күміс алып, жеке рекорд орнатты. 50 м еркін стильде Сергей Кинах пен Дмитрий Ли тағы да жақсы нәтиже көрсетті, елімізге күміс және қола медальдарды сыйлады.

Жеңіл атлет Равиль Мансұрбаев ядро лақтырудан 14,66 м көрсеткішпен күміс медаль алды. Басқа класта ядро лақтырудан Иван Залезняк 11,69 м нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Бүгін Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Макао және Қытай спортшыларымен ойнайды. Егер Макаоны жеңсе, онда теннисшілер жүлдеге үміткер бола алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: