Балалардың арасына әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің көңіл күйлерін көтерді. 

- Кез келген мемлекеттің құндылығы мен ізгілігі балалар мен қарттарға, мүгедектерге деген қарым-қатынасымен айқындалады. Мүгедектер күні тумысынан өмірдің азабын тартқан жандарға  бір көз қырымызды салып, жанына жебеу болуға мүмкіндік жасауға тырыстық,- дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы.

Жуырда  Ислам және отбасы  жылына орай ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторы Аққулы ауданына ат басын тіреп, аудандық кітапханада жиналған әйелдер қауымына «Отбасы тыныштығы және бала тәрбиесі» тақырыбында әңгіме өрбіткен болатын. Жиынға ауданның «Әжелер» тобы, мектеп ұстаздары, әкімшіліктен және басқа да мемлекеттік органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуде Қарлығаш Қажымәлікқызы отбасы құндылығы, отбасын сақтау, ажырасудың зардабы, ажырасудың алдын алу, тастанды балалардың көбеюі және бала тәрбиесі, азаматтық некенің жат екендігі туралы көптеген тақырыптарға жеке-жеке тоқталып өтті.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, дін