Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Көліктің ішінде 43 жастағы жолаушы болған. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүксалғыштан тиісті құжаттары жоқ терісімен бірге жылқының бір бөлігін және ұсақ калибрлі «ТО3-8» маркалы қару,  калибрі 5,6 мм екі гильза мен арқан, металл күршек, үш пышақ алып шықты. Жауап алған кезде жүргізуші бір бас жылқыны  Шығыс Қазақстан облысында  жайылым жерде белгісіз адамдардан сатып алғанын айтқан, - дейді департаментте.

Бұдан бөлек, тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктелердің Аққулы ауданында жергілікті тұрғынға тиесілі бір жылқыны атып алғанын анықтаған. Олар пышақ және балтаның көмегімен жылқыны бөліп тастаған. Дегенмен етті саудаға жіберіп үлгермеген. Көліктің жүксалғышына салып алып, қалаға бет алған. Күдіктілерден ішкі істер органдарында тіркелмеген қару алынды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «ұрлық» бойынша және ҚР ҚК-нің 287-бабына сәйкес оқ пен қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау, сатып алу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, ұрлық