Бұл туралы Baq.kz.

«Күзде әлеуметтік жүктер, яғни көмір, астық, ұн сияқты өнімдерді үздіксіз тасымалдау мәселелесі өткір бола түседі. Осы аталған жүктерді тасымалдауды «Қазақстан темір жолы» компаниясы қамтамасыз етіп отыр. Жүк жөнелтушілердің тапсырыстарын орындау үшін компания тарапынан барлық іс-шара қабылдануда. Теміржолшылардың белсенді іс-әрекеттерінің арқасында 9 айдың ішінде 8 млн тонна астық артылды. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 43%-ға өсті. Республика бойынша 2 млн тонна тасымалданды, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 3%-ға өсіп тұр. Дегенмен, бұл бағыт бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр. жылдың аяғына дейін міндетті түрде бұл сан жоғарылайды», - деп мәлімдеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма кеңесшісі.

Оның айтуынша, қазақстандық астық дәстүрлі түрде Орталық Азия елдеріне, Иранға, Қытайға және Ресейге жөнелтілуде. Жылдың соңына дейін 11 млн тонна астық тасымалдау жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ішкі тасымалдауды қоса алғанда 27 пайызға артық.

pavlodarnews.kz

Тэги: