ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар сағат 23:40-та түскен.

- №21 бір бөлмелі пәтерде сегіз шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар жана бастаған, - дейді баспасөз қызметінде. – Үшінші қабаттың терезесіне баспалдақ орнатылып, газды түтіннен қорғайтын үш топ жұмыс жасады. 33 адам құтқарылды. Оның 14-і - балалар. Құтқарушылардың көмегімен 80 адам, оның ішіндегі 8 бала эвакуацияланды. Тілсіз жаудың орын алу себебі мен шығыны анықталуда.

Оқиға орынына жеке құрамның 19 адамы жұмылдырылып, бес техинка жұмыс жасады. Зардап шеккендер жоқ.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: