Бұл хақында ҚазАқпарат тілшілері хабарлады.

Форумда облысқа инвестицияларды тарту, өңір экономикасы және моноқалаларды дамыту мәселелері талқыланады. Қазақстаннан және шет елдерінен делегаттардың келуі күтіледі. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев, Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы Алмас Батанов Қазақстан даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев және ұлттық компаниялар басшылары, мемлекеттік органдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық қаржы институттары өкілдері қатысуда.

Меймандар алдымен Қостанай қаласындағы индустриялық аймаққа барды. Олар ауыл шаруашылығы зауытының жұмысымен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтқандай, мұнда "Беларус" тракторлары құрастырылады. Жоба құны - 2 млрд теңге. Қажетті құрал-жабдықтар Минск трактор зауытымен келісім арқылы шетелдерден алынады. Қазірдің өзінде 30 жұмысшы индустриялық аймақта трактор құрастыруды бастап кетті.

pavlodarnews.kz

Тэги: