Бұл туралы ҚазАқпарат.

Көрермендер «Агенты А.Н.К.Л.», «Безумный Макс», «Одиннадцать друзей Оушена», «Двенадцать друзей Оушена», «Тринадцать друзей Оушена», «50 первых поцелуев», «Тихоокеанский рубеж» және басқа да ең үздік картиналарды жарнамасыз тамашалайды.

15 қазаннан бастап «Жұмбақ жандар» телехикаясы көрерменнің сұранысы бойынша «Большая маленькая ложь» атауымен орыс тілінде шығады. Әр бөлімнің ұзақтығы 45 минуттан 60 минутқа дейін созылады. Көрсетілім уақыты - 21.30.

«Жұмбақ жандар» бұл төрт әйелдің тағдыры жайлы туынды. Ойя, Мерве, Пелин және Арзудың ұзақ жылдар бойы жасырған құпиясы бар, алайда Ойяның оралуымен сырлар ашыла бастайды. Мектеп кезінде Ойяға жалған жала жабылып, елден кетіп қалған. Арада 20 жыл өтседе ол мұны ұмыта алмайды. Сондықтан кек алуға келген. Ескі достар өзара жанжалдасып, соңында бір адам көз жұмады. Аға комиссар Кемаль және оның көмекшісі Дерья осы істің ақиқатына жетпек.

«Детектив әже» - комедиясы енді сағат 18.45-те шығады. Оқиға желісі бойынша Мұрат Алматы қаласында қылмыскерлермен күресіп жүрген полиция қызметкері. Ауылдастары оны қадірлейді, ал, Гүлдана апа немересін мақтан тұтады. Гүлдана апа 70 жылдығын тойлап, мерейтойға немересі Мұрат та келеді. Осы кеште Мұраттың полиция емес, кішігірім рөлдері сомдап, ақша тауып жүргені білгілі болады. Абыройынан айрылғысы келмеген әжей немересін ауылға детектив қызметіне орналастырады. Алайда жігіт ешқашан тергеуші болмаған. Сондықтан Гүлдана апа өзі жұмысқа кіріседі.

«Аға» телесериалының көрсетілімі 19.15-ке ауыстырылды. Драманың сюжеті бойынша полиция қызметкері Боран қылмыскерлердің қолындағы қарындасын іздеп жүріп, әйел саудасымен айналысатын қылмыстық топқа жолығады.

29 қазаннан бастап сағат 19.15-те «Қарлығаш ұя салғанда» мелодрамасы көрерменге жол тартады. Бұл 32 жастағы Қарлығаш деген қыздың тағдырынан сыр шертетін телехикая. Қарлығаш жұмыста табысты, өзінің үлкен үйі бар, салауатты өмір салтын ұстанады. Алайда жеке өмірі сәтсіз. Ата-анасы оған тұрмыс құру керектігін жиі айтады. Бір күні ол көрші үйде сымбатты зергер өмір сүретінін байқайды. Тасқын жалғыз басты әке, үш қызы бар, әйелі көз жұмған. Бірде ол жұмысында жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға кетеді. Кетер алдын Қарлығашқа қыздарына қарау туралы өтініш білдіреді. Басында бас тартқан Қарлығаш, кейін келіседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: