Қоғамдық келісім кеңесінің отырысына аудан жұртышылығы мен облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Идиат Әбдіхалықов, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал  Максилова және этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Кездесу  барысында  бірлестіктердің жұмысы мен оларды қолдау төңірегіндегі сұрақтар қозғалды. Сондай-ақ елді мекен жұртшылығының қатысуымен «Қоғамдық келісім» кеңесінің отырысы өткізіліп, медиация кабинеті жұмыс істеді.

- Бюджетті және мемлекеттік бағдарламаларды толық орындау төңірегіндегі сұрақтар үнемі мәслихаттың назарында. Жыл сайын мәслихат бюджетті бекітеді, сондықтан да есеп беруді де талап етуге міндетті. Биыл ауданымыздың ауылдық елді мекендерінде бірқатар ірі жобалар іске  асырылды. 2019 жылдың басында осы жұмыстар бойынша есеп берілетін болады, - деді бюджет сұрақтары бойынша аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссияның төрағасы В.И. Левченко.

Идиат Әбдіхалықовтың айтуынша, Елбасының бастамасымен құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің маңыздығы уақыт өте келе артып келеді. Қазіргі таңда облыста 140 қоғамдық кеңес құрылған. Оның біреуі – облыстық және оның құрамына 36 этномәдени бірлестік өкілдері енді. Сонымен қатар екі қалалық  және 123 ауылдық кеңес жұмыс атқарып келеді.

Кеңестің ең басты мақсаты елде этносарылық, конфессияаралық бірлікті сақтау болып табылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам