- Тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Төкенов мамандарды облыстағы тілдік ахуал, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтудегі атқарылып жатқан шаралармен таныстырды, - дейді тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бөлімінің бас маманы Дәулет Темірболат. – 2018 жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақсу қаласы мен Тереңкөл ауданында мемлекеттік тілді дамытуға жауапты мамандар оқытылды. Келесі жолы Железинге бару жоспарланып отыр. Биылғы жылы курстан өткен 150 адамға сертификат табыс етілді. Жылдың соңына дейін 200 адамға дейін жеткізу көзделуде.

Көшпелі семинардың тәжірибелік бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Шолпан Кинжикова семинарға қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетті.

Сонымен қатар, терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану мәселелері қозғалып, орфографиялық, пунктуациялық ережелерді қолдану, аудармаларда жиі кездесетін қателіктер  туралы айтылды. Мәтіндерге редакциялық түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: павлодар, қоғам, мемлекеттік тіл