Бұл туралы Tengrinews.kz.

Министрліктегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 12 қазанынан бастап Қазақстан Республикасына Қырғызстаннан кіргізілетін ет өнімдеріне уақытша шектеу енгізілді.

"Осылайша Қазақстан Республикасына ветеринариялық бақылау және қадағалау өнімдерін экспорттауға құқығы бар 5 қырғыз кәсіпорнына шектеу енгізілді. Сондай-ақ белгілегендей, шығыс инспекция қорытындысы бойынша 2012 жылдан бері тағы 4 қырғыз кәсіпорнына уақытша шектеу қолданылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, мұның алдында Қырғызстанның Қазақстаннан жұмыртқа мен құс етін кіргізуге шектеу қойғаны жайлы хабарланған болатын. Шектеудің құс тұмауы мен Ньюкасл дертіне байланысты эпизоотиялық жағдай анықталғанша сақталатыны айтылған еді.

Ал кейінірек ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Қырғызстанның Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс еті мен жұмыртқа әкелуге қойған шектеуі құқыққа жат болып саналатынын мәлімдеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: