Қазіргі таңда әлемнің 27  мемлекетінде 32 корей орталығы жұмыс істейді.  Астанада мұндай орталық біреу ғана болса, Орталық Азияда  2010 жылы қазақстандықтарды корей мәдениетімен таныстыру және мемлекет арасындағы мәдениет саласында тәжірибе алмасу мақсатында ашылған. 

Орталық директоры Ли Хе-ранның айтуынша,   Қазақстанда корей киносының фестивалі биыл еліміздің тоғыз қаласында ұйымдастырылып, Павлодарда  аяқталған.

Тегін фестивальге студенттер мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, жақсы киноны бағалай білетін адамдар жиналды.

-  Қазақстандықтар комедия және  драма жанрын ұнатады деп естідік. Сондықтан көрсетілімге «Моя жена - моя невеста» комедиясы мен «Мисс жена» драмасын таңдап алдық. Бұл фильмдер корей тілінде болса да орыс тіліндегі субтитрмен ұсынылады, -  дейді орталық директоры.

Корей орталығы Астанада кинофестивальден басқа, түрлі мәдени шаралар өткізеді. Оның ішінде концерттер мен фото және  өрнектер көрмесі бар. Сол жерде арнайы курстарда корей тілі  мен корей тағамдарын дайындауды үйренуге болады.

- Қазақстан Корея үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес болып табылады, - дейді Ли Хе-ран. -  Корейлер 80 жыл бойы Қазақстанның жерінде өмір сүреді.  Қазақстан елімен байланыс дипломатия, мәдениет және басқа да бағыттарда дами түседі деген сенімдеміз.  

pavlodarnews.kz

Тэги: Қазақстандағы Корей елшілігі, корей мәдени орталығы, кино