Тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 Солтүстік Қазақстанда қар жауды Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с; Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады. Павлодар облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі. Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда епкіні 25 м/с жетеді. Ақмола, Шығыс Қазакстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтобе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: