Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлім етті.

Шара келесі номинациялар бойынша өтті: ымдау тілімен ән, ымдау тілімен өлең, клоунада, буффонада және өзіндік жанр. Оған есту қабілеті бұзылған 6-дан 80 жасқа дейінгі адам қатысты.

Барлығы 300-ге жуық шығармашылық нөмір көрсетілді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша іріктеліп алынған 56 нөмірдің екеуін Павлодар облысының оқушылары жеңіп алды.

Бердск қаласындағы гала-концертте елімізді есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернатының оқушылары таныстырады.

Жетекшісі И. Камардинаға және топтың көркемдік жетекшісі И. Погирская балаларды нәтижелі дайындағаны және салтанатты шараны ұйымдастырудағы ынтымақтастығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы - «Сибирская планета» азаматтық қоғамын дамыту бойынша Новосібір облысының аймақтық қоғамдық ұйымы.

Балаларға дипломдар, естелік саптыаяқтар мен фестиваль логотипі бар жеңіл жейде табыс етілді.

Сапар барысында балалар өздерінің таланттарын көрсетіп қана қоймай, 90 жасқа толатын Купин ауданының құрылу тарихымен де танысты. Оқушылар өлкетану мұражайында болды және балшық ойыншығының шеберханасында шеберлік сағатқа қатысты.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, қоғам, білім