Бұл туралы Baq.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.

«Қарсылас Нұрмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз - Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал, бұл нақты шешім» — деді Кавана.

Нұрмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік жауынгер тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен.

pavlodarnews.kz

Тэги: