Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Сүт өнімдерінің үштен екісін үш аймақ өндіруде, мәселен СҚО-ның үлесі 25,7%, Алматы облысы – 20,3% және Қостанай облысы – 16,6% ие.

Қазақстандық сүт өнімін шығаратын кәсіпорындар сұраныстың 96,6% қамтуда, яғни барлық импортты өз нарығымыздан ығыстыра білген. Соңғы 7 айда сырттан әкелінетін өнімдер бірден 44,5% төмендеген.

Оның үстіне, ішкі сұранысты қамтамасыз ете білген Қазақстан компаниялары экспортты бір жыл ішінде 67,2% ұлғайтқан.

Пастерленген сүттің бағасы қазан айында республика бойынша орта есеппен литріне 220,2 теңгеге тең болған, бұл өткен жылғығы қарағанда 5,5% өскендігін көрсетеді.

Майлылығы 2,5% сүттің литрі 210,2 теңгені құрап, 5,9% қымбаттаған, ал майлылығы 3,2% сүттің бағасы 231 теңге, бұл өткен жылғыға қарағанда 4,8% қымбаттаған.

Шикі сүттің бағасы бір жыл ішінде 6,1% өскен. Қыркүйек айындағы бағасы 194,9 теңгені құраған.

pavlodarnews.kz

Тэги: