Балтабай Сәкенұлы Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Баянауыл ауылының құрметті азаматы. Кезінде Баянауыл ауданының шаруашылықтарында, атқарушы органдарында жауапты қызметтер атқара жүріп, өнерден қол үзбей, ауданның, облыстың мәдени өміріне үлес қосқан.

Кездесуде өнер иесі домбырада керемет ойнай отырып, «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Адай», «Перовский маршы», «Аман бол шешем, аман бол», «Қызыл қайың», «Серпер» күйлерінің шығу тарихы туралы қызықты оқиғалар айтып берді.

Шығармашылық әңгімелесу барысында оқушылармен Құрманғазының күйлерін қаншалықты білетіндері бойынша викторина өткізді.

- Мұндай шығармашылық кездесулер оқушыларымызға ұлттық мәдениеттің қайнар көзін танып білуге көмектеседі, - дейді Қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Куаныш Ермекбаев. - Сол себепті, ұрпақтар сабақтастығын жандандыру өте маңызды. Балалардың бойында ата-бабалардың адамгершілік пен отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, күй, өнер, рухани