Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Полиция инспекторлары тұрғылықты орны бойынша 2000-нан аса есепте тұрған адамды тексерді, - дейді департаментте. - Қосымша 391 адамды есепке қойды. Пәтерлерді тексеру кезінде азаматтық қару иелері басты назарға алынды. Себебі қолданыстағы заңнама өзгерістеріне сәйкес азаматтық қаруды сатып алу және сақтау үшін пәтерде күзет дабылы немесе атыс қаруын сақтауға арналған сейфте дабыл белгісі орнатылуы тиіс.

Нәтижесінде 7007 азаматтық қару иесі тексеріліп, қару сақтау ережесін бұзудың 231 фактісі анықталған. Сақтау ережесін бұзғаны үшін 57 бірлік қару алынды.

Сондай-ақ бес мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 223-і отбасында жанжал шығарған, 254-і ұсақ бұзушылық жасаған және 614-і алкогольдік ішімдік тұтынған.

Аталмыш шара ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін өткізіледі.

Фото: http://elorda.info

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, полиция, "Учаске", жедел алдын алу, қоғам