Бұл туралы «Колос» балалар мәдени-ойын сауық орталығында қала жұртшылығымен өткен кездесуде белгілі болды.

Ақпараттық топ мүшесі, қала әкімінің орынбасары Саян Мұқановтың айтуынша, топтардың жұмысы кезінде өңір тұрғындарына Елбасының қазақстандықтарға жолдаған құжатының мақсаттары мен міндеттері түсіндіріледі.



Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Қамалова ең төменгі жалақының өсуі ең төменгі өмір сүру деңгейіне байланысты болмайтыны маңызды екенін атап өтті.

- Минималды өмір сүру деңгейі әрбір аймақта дербес құрылады, - дейді Гүлнар Камалова. – Еліміз бойынша ең төмен сүру деңгейі біздің облысымызда болды. Бұл сома 28 мың теңгені құрады. Сол себепті, ең төменгі жалақыны да сол көрсеткіштен өсіруге болмайтын еді. Бірақ Президенттің сөзінен кейін 42 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік туды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру және ұстаз мамандығының мәртебесін көтеру мәселесі педагогтардың көңілдерінен шықты.

- Президент мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, жалақыларын өсіру керектігін айтып өтті, - дейді №104 балалар бақшасының қазақ тілі мұғалімі Гүлнар Құдайбергенова. – Бұл жаңалық бізді қуантты. Өйткені, ұстаз – балаларымыздың болашағы қандай болатынын айқындайтын қоғамдағы аса маңызды мамандықтардың бірі.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Жолдау, Саян Мұқанов, Гүлнар Қамалова