Қалалық тұрғын үй инспекциясы секторының жетекшісі Нұрлан Рашидов соңғы 5 үйдің 15 қазанда жылу жүйесіне қосылғанын айтты.

- Қазіргі таңда кейбір уаскелерге қатысты қиындықтар бар, - деді Нұрлан Рашидов. – Бұл жерлерде жылу жүйелерін іске қосу мен реттеу жүргізіледі. Сондай-ақ ПИК-тер ішкі жүйені ретке келтіруде. Апта соңына дейін қалыпқа келеді деп ойлаймын.  Жылу электр орталығы қысқы тәртіпке көшуде. Жұмыстың көбі аяқталған. Қысқы уақыттың тәртібімен істеп жатыр деуге болады. Қаламыздың жылу жүйелерінде ақау жоқ. Ыстық су барлық жерде бар.

«Павлодарэнерго» АҚ ұсынған мәліметке сүйенсек, 12 қазандағы жағдай бойынша шаһардың жеке секторындағы 3791 үйдің 388-інде ғана дайындық туралы акт бар. Әлеуметтік нысандар бойынша 101 оқу орынының 100-іне, 55 емхананың 52-сіне жылу берілген.

Оразбек Саяхат
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар қаласы, жылыту маусымы, қоғам