Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Қызыл жалын бүгін түнде сағат 04.42-де 36 шаршы метр аумақты шарпыған. Гаражда тұрған «Toyota Carina ED» маркалы көлік толығымен жанып кетті. Өрт сағат 04.57-де ауыздықталып, 05.30-да толығымен сөндірілді, - дейді департаментте.

Алдын ала болжам бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуы төтенше жағдайдың орын алуына себеп болған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға № 29 өрт сөндіру бөлімінен екі адам мен бір техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан бірінші дәрежеде кеуде қуысын күйік шалған 1965 жылғы азамат Майқайың кентіндегі аудандық ауруханаға жеткізілді.  Ер адам өздігінен өртті сөндіруге тырысқан. 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға