Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жекпе-жек 24 қараша күні Монаконың Монте-Карло қаласында өтеді. Оның қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз. Бұл кештің хедлайнерлері ресейлік боксшы Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен американдық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) болмақ.

Елеусіновтің алдағы төртінші кездесуі 20 қазан күні Американың Бостон қаласында өтеді. Боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, оған 30 жастағы америкалық боксшы, «Дәуіт» аталған Мэтт Догерти қарсылас болады. Кештің басты айқасы Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд арасында өтеді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов биылғы 4 тамызда өткен жекпе-жекте венгриялық Габор Горбичті ұпай саны бойынша айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл жеңістен кейін қазақстандық боксшының BoxRec.com танымал сайтындағы рейтингі бірден 75 сатыға жоғарылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: