Бұл туралы білім беру орнының баспасөз қызметі мәлім етті.

Hackathon – бағдарламалық қамсыздандыруды жасақтаудың әртүрлі салаларынан жиналған мамандардың қандай да бір мәселені шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін ұйымдастырылатын шара.  

Қатысушылардың барлығына бірдей тапсырма берілді. Олар 48 сағаттың ішінде «Виртуалды мұражай және мессенджер шарттарын  Active Directory-де басқару» тақырыптарында АТ-өнімінің прототипін жасап шығару керек болды.

Жарысқа облыстың жоғары оқу орындарынан, колледждерден, лицейлер мен жалпы білім беретін мектептерден 65 адам қатысты.

- Біздің мектептен оқушылардан құралған үш шығармашылық топ берілген уақыт ішінде  мобильдік қосымша мен веб-сайт әзірлеп шықты. Ал екінші тақырып бойынша  қатысушыларға «Богатырь Көмір» компаниясының дербес желісін жасау керек болатын. Бұл тапсырманы да жігіттер  ойдағыдай орындады. Нәтижесінде барлық үш топ та жүлдемен оралды, - дейді Назарбаев Зияткерлік мектебі робот техникасы үйірмесінің мұғалімі,  оқушылардың жаттықтырушысы Қуаныш Магауин.

Айта кетерлігі, 2018 жылдың жаз мезгілінде өткен бірінші Hackathon жарысында  НЗМ оқушылары Байғал Дархан мен Жылқыбай Назерке 3 жүлделі орынға ие болып, 50 мың теңгелік сыйақымен марапатталған.

pavlodarnews.kz

Тэги: Назарбаев Зияткерлік мектебі, қоғам, білім, Павлодар