Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

- Байқау Екібастұз қаласының ТЖ басқармасы, Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі және «Екібастұздың балалар қорының» қолдауымен өткізілді, - деді баспасөз қызметінде. – Аталмыш байқауға Екібастұз қаласының балабақшаларындағы тәбиеленуші бөбектері қатысты. Төрт балабақшаның әрқайсынан алты команда сынға түсіп, барлығы 24 команда бақ сынады. Екі кезеңнен тұрған сайыс екі күнге жалғасты.

Жарыстың бірінші кезеңі – «Өрт қауіпсіздігі балалардың көзқарасымен» шығармашылық жұмыс сайысы. Комиссиямен ең жақсы деген қолдан жасалған бұйымдар, салынған суреттер, жасалаған үлгілер іріктелінді.

Екінші кезең – «Жас өрт сөдірушілердің» спорттық жарысы. Әр команда визиттік карточкасын көрсетті. Онда өрт қауісіздігінің негізі, алғашқы дәрігерлік көмек, шұғыл жағдайларда дұрыс іс-қимыл қабылдау орындалды.

Бірінші күні өткен сайыстың нәтижесі бойынша төрт команда жеңімпаз атанып, екінші күні жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды №16 балабақшаның «Балдаурен» командасы қанжығасына байлады. 2-орынға №6 балабақшаның «Золотая рыбка» командасы ие болды. 3-орын №10 балабақшаның «Сказка» командасы мен №25 балабақшаның «Ақ бота» командаларына бұйырды.

Барлық қатысушыларға тәттілер, сыйлықтыр және дипломдар табысталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, балалар, ТЖД