Оқиға орнынан түсірілген сурет Instagram әлеуметтік желісінде @ekibastuz_kazakhstan парақашсында жарияланды.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «103» нөміріне шақырту бүгін сағат 10.18-де түскен.

- 1979 жылғы жүргізуші омыртқасының мойын бөлігі мен кеуде қуысының жарақатын алған, - дейді баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. – 58 және 34 жастағы жолаушыларда жабық бас жарақаты мен жаралар тіркелген. Үшінші 32 жастағы жолаушының басы тілінген.

Облыстық ІІД-нің ақпаратына сүйенсек, автокөлік Шідерті кентінің жанындағы темір жол көпірінің жанында аударылып қалған. Полицейлер тексеріс жүргізуде. Сараптама тағайындалған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, оқиға, қоғам