Бұл туралы   ҚазАқпарат хабарлайды.

Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады.

Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Қостанай, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, қатты жел соғады. Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: