Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кәшкенова мәлім етті.

- Біріншіден грант алу үшін жұмыспен қамту орталығына келіп тіркелу қажет, - дейді Хелуа Кәшкенова. - Дипломы  немесе тиісті білімі болмаса «Бизнес бастау» бойынша қайта оқытуға жіберіледі. Жеке кәсіпкер ретінде салық органында тіркеледі. Мемлекет тарапынан ұсынылатын 100 АЕК – 240500 теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттарға бірінші кезекте шағын бизнесін аша алады. Екінші кезекте кепілдік қамтамасыз ету болса, одан әрі дамытуға 8 000 АЕК - 19 миллион теңгеге дейін несие ала алады.

Спикер бұл мақсатта облыс бойынша тұрғындар орташа есеппен алғанда сегіз млн теңге алатынын айтады.

- Көбінесе баспа өнімдерін шығаруға, тойларда фотоға түсіруге, шаштараз және үй жағдайында маникюр, педикюр жасау үшін аппарат сатып алады. Бизнес жоспарыларын кәсіпкерлік палатасындағы комиссия қарастырады. Бұдан кейін әрі қарай кәсібін дамыту үшін барлық жұмысты кәсіпкерлік палатасы жүргізеді, - дейді Хелуа Кәшкенова.

Айта кетерлігі, бүгінде өңірде 6000-нан астам адам жұмыссыздар ретінде тізімде тұр. Басым бөлігі қалалық жерлерде тұрады. Оның 45 пайызын жастар құрайды. Көбінесе техникалық газ-электр дәнекерлеуші тракторшы, машинист мамандарына сұраныс жоғары.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, бизнес