Ұл баланың ата-анасы ажырасқан. Анасы Екібастұз қаласында, әкесі – Солнечный кентінде тұрады. Бірнеше жыл жасөспірім Ақсу ауылдық аймағында тәтесімен өмір сүрген.

- Сот Алдиярдың әкесімен тұруы жөнінде шешім шығарған, - деді Екібастұз білім беру бөлімінің басшысы Жазира Хамзабаева. -  Алайда әкесі мен ұлы тіл табыспаған. Тамыз айында жасөспірім Солнечный кентінен қашып кетіп, кейіннен Ақсу қаласынан досының үйінен табылған. Содан кейін Алдиярды Павлодар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бағыттаған.

Білім беру бөлімі басшысының айтуынша, Екібастұз әкімдігіндегі кәмелетке толмағандар және олардың құқығы жөніндегі комиссия соңғы отырысында үш бала ешкіммен бірге тұрғысы келмейтінін және мемлекеттік мекемеде тұру қолайлы екенін жеткізген.

- Мектепте Алдиярға жақсы мінездеме беруде, - деді Жазира Хамзабаева. – Жасөспірім кіммен тұрғысы келетінін анықтай алмай жүр.

Кеше ұл бала бейімдеу орталығынан қашып кетті. Спорттық киім және резеңке-шәркеймен шығып кеткен.

Оның жоғалып кеткені туралы ақпарат Instagram желісіндегі @poiskoviki_pavlodara_vita парақшасында жарияланды. Еріктілер Алдияр туралы білгендер болса, хабарласуды сұрайды.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қиын бала, құқық бұзушылық