Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Депутаттар қоғамдық мүшелермен ҚР Елбасының Жолдауын түсіндіру жөнінде кездесу өткізді. Сондай-ақ қорды қолдауға 100 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетілді.

- Павлодар қаласында 1 және 2 топтағы көру мүмкіншілігі шектеулі 500-ден астам адам есепте тұр, - дейді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Гүлнар Адамжанова.

Шара «Ардагерлерді ардақтайық» - «Аға ұрпаққа қамқорлық жасау» партиялық жобаны іске асыру аясында  қоғамда ынтымақтастықты, патриоттықты, дәстүрді нығайту және ардагерлерге, тыл еңбеккерлерге, жалғызбасты қарт адамдарға қамқорлық жасау арқылы аға ұрпақты құрметтеу мақсатында өтті.

Қалалық мәслихаттың депутаттарымен бір ай бойы өз округтерінде және кәсіпорындарда ардагерлерге, тыл еңбеккерлерге және мүгедектерге демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді. Концерттер ұйымдастырылып, азық-түлік пакеттері және ақшалай конверттер табыс етілді.

Айлық ішінде қалалық мәслихаттың депутаттарымен 280-нен астам адам қамтылып, 1,5 млн теңге сомасында көмек көрсетілген.

pavlodarnews.kz

Тэги: «Ардагерлерді ардақтайық», «Аға ұрпаққа қамқорлық жасау», қоғам