Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сайлаушылардың тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргілуде.

Сайлаушылар өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзі   және өз отбасының мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын сайлаушылар тізімінде мына мекенжай бойынша тексере алады:

Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32, № 417 каб. немесе 32-57-78 телефоны арқылы операторлардан білуге болады.

- Сіздерге өз мүдделеріңізді білдіретін сайлау округінің депутатын таңдау қажет. Баршаңызды учаскелерге келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамыз, - деп жазылған хабарламада.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, депутат