Республиканың көп жерлерінде жауын жауады, тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Дегенмен кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап. 

 Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метр болады. Павлодар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай, түнде және таң ата Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23 метрге жетеді. Маңғыстау, түнде және таң ата Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында тұман түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: