Әлеуметтік желі қолданушылары павильонның сапасыз орнатылғаны туралы түрлі пікір қалдырған.

Құлап қалған аялдаманың суреті Instagram желісіндегі @tipavlo қауымдастығында жарияланды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтады.

- Қазіргі таңда павильон жөнделген. Жөндеу және орнату жұмыстарына автобус аялдамаларына қызмет көрсететін «14 регион» ұйымы жауап береді. Павильонды қалыпқа келтіру жұмыстарын мердігер өз есебінен атқарады, - дейді қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжан Апсалықова.

Скриншот: @tipavlo

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, аялдама