- Автокөлік апатынан «Lada» жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Соқтығысу салдарынан аталған көлік өртеніп, өрт «ГАЗель» автокөлігіне ауысқан. Лаулаған қызыл жалынның нәтижесінде екі машина да толығымен жанып кетті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның неден орын алғаны анықталуда, - дейді облыстық ІІД департаментінің баспасөз қызметінде.

 Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, оқиға орнына медициналық апаттар бригадасының орталығы мен жедел жәрдем жеткен.

- Жедел жәрдем келген кезде көліктер жанып кетті. «Lada» автокөлігін сөндіргеннен кейін ер адамның денесі табылды. Екінші жүргізуші тексеруден бас тартты, - дейді баспасөз хатшысы.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға