Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

15 қыркүйекте Сауль «Канело» Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін GGG жыл соңына дейін демалыс алған болатын.

«Ол рингке келер жылдың бірінші кварталында, наурыз, сәуір немесе мамыр аралығында оралады. Себебі ол қалған уақытта демалуды жоспарлап отыр. Отбасымен бірге демалысынан соң ол қаңтар соңында жаттығуға келеді деп күтіп отырмын. Осы уақытта кіммен бокстасады, жекпе-жек қайда өтеді, оны қай арна трансляциялайтын болады дегенді анықтаймыз», - деді Том Леффлер boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Промоутер Головкиннің қазіргі таңда туған жері Қазақстанға оралғанын және Германияда бизнесін жүргізетінін айтты.

Айта кетерлігі, Головкин келесі жекпе-жегінде жапон боксшысы Риота Муратамен бокстасуы мүмкін.

pavlodarnews.kz

Тэги: