Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Screaming» әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің «МУЗ-ТВ» телеарнасының «музраскрутка» бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97 пайыз дауыс жинап жеңімпаз атанды», - дейді әншінің әкесі өз парақшасында.

Сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді «Музтв» телеарнасында тегін ротацияға ие болып отыр.

«Дауыс беріп, үлкен қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға үлкен алғыс айтамыз!», - деп жазды Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің «Screaming» әнінің бейнебаяны осы жылдың мамыр айында шыққан болатын. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған.

pavlodarnews.kz

Тэги: