-   2017-2018 оқу жылында бір мезгілдік тамақтану орташа есеппен алғанда жалпы білім қоры есебінен қалалық жерлерде 250 теңге, ауылда 200 теңге болған, - дейді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнур Культманова. – Басқарма тарапынан қалалар мен аудандардың әкімдерінің атына белгіленген нормалар мен стандарттарға сәйкес тамақтану құнын қарастыру туралы хат жіберілді. Оқушыларды тамақтандыру конкурс қорытындысы бойынша  мектеп әкімшілігі мен жалға алушы арасында жасалған келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады.

Маманның айтуынша, биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап мектептерде тамақтану бірыңғай стандарт бойынша ұйымдастырылады. Мұндағы басты мақсат – қауіпсіз әрі сапалы тағаммен тамақтандыру арқылы балалардың денсаулығын сақтау және нығайту.   

 2017 жылы аймақта аз  қамтылған отбасынан шыққан балаларды тамақтандыру үшін 618,2 млн теңге, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 244,2 млн теңге жұмсалған. Бұл мақсатқа мұқтаж балаларға бөлінетін материалдық және қаржылай көмектің 75 пайызы бағытталады.

 Талаптарға сай  бекітілген мәзірге облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаменті мен мектептегі медицина қызметкерлері бақылау жасайды.

 Мәзірді құру барысында балалардың мектепте өткізетін уақыты, жас ерекшелігі ескеріледі. Бір күннің ішінде және күнтізбелік екі-үш күнде  бір тағамның қайталануына жол берімейді. Күн сайын тағам рационына ет, сүт, май, көкөніс және қант енгізіледі. Балық, ірімшік, жұмыртқа, құс еті  аптасына екі рет қосылады.

 -  Өңірде барлығы мемлекеттік 362 мектеп бар, - дейді  Айнур Культманова. – Ыстық тамақ 347 жалпы білім беру мектебінің жеті мектеп-интернатында ұйымдастырылған. Бейімділген үй-жайларда орналасқан сегіз шағын кешенді мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайдың болмауына байланысты буфет жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 335 мектептің 347-сі немесе 97,7 пайызы ыстық тамақпен қамтылған. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамту 100 пайызды құрайды.

 Ақбота Сейсенбаева

   

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, тамақтану