«Чайкоffский» басқарушысы Георгий Симаковтың айтуынша, алты орындық павильон Ресейде шығарылған. Жергілікті климаттың ерекшеліктері ескеріле отырып, -50 градустық аяздарға шыдас беретіндей жасалған. Сусындар мәзірі бірнеше ай бойы әзірленген.

- Суық уақытта мұнда жылынып, дәмді сусындар ішіп уақыт өткізуге болады, - дейді Георгий Симаков. – Біздер қала құрылысы кеңесіндегі қоғамдық тыңдауларда өз жобамызды ұсынған едік. Қала басшылығы жобаны қарастырғаннан соң бекітті. Осылайша жағажайдан орын таптық.

Кофехананың ерекшеліктерінің бірі – мұнда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалған: пандус орнатылып, арнайы қажеттіліктері бар адамдарға тез қызмет көрсету үшін сырттан терезе ашылады.

Георгий Симаковтың айтуынша, жақын арада Естай көшесінен жаңа жағажайға дейінгі аралықта тағы осындай төрт кофехана ашылады.

«Чайкоffскийдің» атына заты сай болуы үшін ұйымдастырушылар кофеханада классикалық музыка шығармаларын ойнатып тұрады. Жазғы уақытта ғимарат маңында қосымша орындар қойылмақ.

Кофехана таңғы сағат оннан кешкі онға дейін жұмыс істейді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: кофехана, қоғамдық тамақтану, жағалау