Бұл хақында 24.kz хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыста күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. «Демалыс күндері республиканың басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын жауады. Ол Қазақстан арқылы өтетін суық атмосфералық фронттармен байланысты. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жоғары атмосфералық қысым аясында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады, дегенмен оңтүстік-шығыста алдағы түнде кей жерлерде қар жаууы мүмкін және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температураға дейін, яғни күндіз ауа температурасы плюс 13…20 градусқа дейін жылынады», - дейді «Қазгидромет» өкілдері.

pavlodarnews.kz

Тэги: