С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы Президиумінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтеді.

Сұхбат алаңының шеңберінде ғалымдар, инженерлер мен ірі кәсіпорындардың басшылары Павлодар облысын дамыту келешегін қарастырады.

Кездесуде сала бойынша қолданылатын инновациялық технологияларды, металлургия саласында жұмыс істейтін білікті мамандарды даярлау, металлургия салаларының өзара симбиозы, алюминий өндірісінің қалдықтарын өңдеу және басқа мәселелер талқыланады.

Форумға ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов, профессор Асқар Құлыбаев, «Байсерке АГРО» ЖШС Басқармасының төрағасы Темірхан Досмұхамбетов, Қазақстанның ЖОО-ы Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов және басқалар қатысады деп күтілуде.

Кездесу барысында ПМУ-да «Павлодар облысындағы алюминий кластерінің дамуы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылады. Сонымен бірге, форум қатысушылары университеттің стартап-академиясын аралайды.

Форум 22 қазан күні өтеді. Тақырыптық көрме сағат 10.00-де басталады. Ұлттық инженерлік академия президиумінің отырысы сағат 11.00-ге жоспарланып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: форум, металлургия, ПМУ